Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, тоқтатпақ болғанда сарбаз оқ жаудырған.
Атырауда әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз қамауға алынды.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, тоқтатпақ болғанда сарбаз оқ жаудырған. Осыдан кейін әскери бөлім қызметкерлері мен полицейлер «Арлан» арнайы жасақтары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетін көмекке шақыруға мәжбүр болған.
Осы жылдың 18 сәуірінде Ақмола облысынан шақырылған сарбаз өзімен бірге АК-74 автоматы мен 120 дана оқ-дәрі алып кеткені белгілі болды. Ол 7 мамырдан 8-іне қараған түні 41433 әскери бөлімнен қашып кеткен.
Қазіргі уақытта сарбаз қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды.
«2024 жылғы 8 мамырда Атырау гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің бекітілген қаруымен қысқа мерзімге өз бетінше шығып кету фактісі тіркелді», - деп хабарлады Атырау гарнизонының баспасөз қызметі.