Алматы облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

Халық үні

Жол апаты фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

фото: Halyq Uni

Қайғылы оқиға 8 мамырда Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 41 шақырымында болды.

Алматы облысы ПД хабарлауынша, Mitsubishi Lancer жүргізушісі рульге ие болмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nissan Cefiro көлігімен соқтығысуға жол берді. Соқтығысу салдарынан Nissan Cefiro инерция бойынша жолдың шетінде тұрған Mitsubishi Pajero Sport пен BMW X5 көліктеріне соғылды.

Оқиға орнында Nissan Cefiro жүргізушісі, Mitsubishi Lancer жүргізушісі және оның жолаушысы қаза тапты.

Жол апаты фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.