Бүгін бірқатар аймақта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Шығыс және солтүстік өңірлерде үсік жүреді
Бүгін еліміздің батыс аймағында ауа райы жаңбырлы болса, оңтүстік өңірлерде жел тұрып, найзағай ойнауы ықтимал, деп хабарлады Қазгидромет.
Ұлытау облысы
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 08 мамырда шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысы
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысы
Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Атырау облысы
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 08 мамырда кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Петропавл қ.: 08 мамырда оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысы
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. 08 мамырда облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысы
Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүсітгінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 08 мамырда түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысы
Күндіз Ақтөбе облысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ. : 08 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Абай облысы
Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысы
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысы
08 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында, 09 мамырда тәулік бойы облыстың батысында, онтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 09 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысы
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысы
08 мамырда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, орталығында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с. Талдықорған қ.: 08 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысы
Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 08 мамырда жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Алматы облысы
2024 жылдың 07 – 13 мамыр аралығында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2800 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.