Владимир Путинге ота жасалды - БАҚ
Операция сәуір айында болды
Newsweek.com порталының хабарлауынша, сәуір айында Ресей президенті Владимир Путинге қатерлі ісіктің ауыр түрінен емделді. Бұл туралы АҚШ басылымы Құрама Штаттардың барлау қызметінің дерегіне сүйеніп материал жариялады.
Басылымда Путинге наурыз айында ота жасау жоспарланғаны айтылған. Бірақ, Ресейдің Украинадағы «Арнайы операциясы» басталған соң, ота жасау кейінге шегерілген.
«Біздің сенімді адамдарымыздың бірі - Путинге ең жақын адам. Ол Ресей президентінің денсаулығы нашарлап кеткенін, соңғы кезде оқшауланып жүретінін айтты», - деп атап өтті барлау қызметінің қызметкері басылымда.
Порталдың хабарлауынша, соған қарағанда Путинге операция жасалуы мүмкін. Бұл туралы соңғы кезде ақпарат құралдары да жарыса жазып жатыр. Мысалы, мамыр айында Ресей президентінің қатерлі ісікке шалдықаны туралы онымен бірге жұмыс істеген режиссер Оливер Стоун айтқан болатын.