«Қазақавтожол» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды
Ол әр жылдары түрлі басшылық қызметтер атқарған
«Қазақавтожол» ЖШС бас директорының қызметіне Самат Ғилымов тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Ол еңбек жолын Гурьев облысындағы кеңшарда слесарь қызметінен бастаған. Әр жылдары Қазақстан салық полициясының органдары, «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның «Ембімұнайгаз» филиалының аппарат басшысы-директордың орынбасары, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша инспекциясының басшысы, «Каспий» ауданаралық көліктік бақылау инспекциясының басшысы, көліктік бақылау комитетінің басшысы, ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
Бүгінге дейін ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы болды.