×

Ақмола облысында балабақшада 6 жасар қыз қайтыс болды

Бурабай ауданындағы балабақшалардың бірінде жас баланың қайтыс болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 Халық үні 06.05.2024 | 22:36
Фото: rgmedia.kz

Ақмола облысының Бурабай ауданында балабақшада 6 жасар бала кенеттен қайтыс болды. 

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, келеңсіз жағдай бүгін, 6 мамырда болған.

«Бурабай ауданындағы балабақшалардың бірінде жас баланың қайтыс болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 6 жасар қыз баланың өлімі 2024 жылдың 6-мамырында сағат 13:30-да Зеленый бор кентіндегі «Ромашка» балабақшасында тіркелген.

«Тынығатын уақытта тәрбиеші баланың терісі көгере бастағанын байқаған. Ол дереу балабақша медбикесін, артынша, жедел жәрдем қызметін шақырған. Жедел жәрдем бригадасы жеткенше медбике реанимациялық көмек көрсетті. Ол сәтсіз болды. Жедел жәрдем бригадасы келген соң баланың биологиялық өлімін тіркеді», - делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама