×

Төрехан Сабырхан бокстан төрт дүркін Азия чемпионы атанды

Ол Өзбекстанның өкілі Мұхаммадазизбек Исмаиловты екі рет нокдаунға жіберді

 Дастан Жұмабекұлы 06.05.2024 | 17:36
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Астанада өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Төрехан Сабырхан төрт дүркін Азия чемпионы атанды.

67 келі салмақта сынға түскен Төрехан Сабырхан Өзбекстанның боксшысы Мұхаммадазизбек Исмаиловты жеңді. Финалда ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.

Одан басқа Өнер Сейілхан, Толғанай Қасымхан, Аяжан Ермек, Алексей Хаванцев, Аяжан Сыдық өз салмақ дәрежелерінде топ жарды. 

Төрехан Сабырхан – 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы ересектер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырханның туған інісі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама