×

Екі жігіт 17 жастағы қызды өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген

 Қанат Атаманов 03.06.2022 | 08:00
Фото: ашық дереккөздерден

27 мамырда анасы кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған. Іздестіру жұмыстары барысында із-түзсіз жоғалып кеткен 2005 жылғы бойжеткен Алматы маңынан өлі табылды.

Полицейлер бойжеткенді іздеу мақсатында жедел-тергеу тобын құрып, оның жоғалып кетуіне қатысы бар болуы мүмкін күдіктілерді анықтады.

Белгілі болғандай, Алматы облысында тұратын 1992 және 2001 жылы туған екі ер адам күдікті деп танылды. Бойжеткен олармен жоғалған күні көшеде танысқан.

Күдіктілер кісі өлтіргенін мойындап, оның денесі жерленген жерді – Қапшағай су қоймасына жақын маңды көрсеткен. Қылмыстың ізін жасыру мақсатында қыздың денесін өртеп жіберген. Сот-медициналық сараптама тағайындады, – деп мәлімдеді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама