Президент бірқатар әскери қызметшіге жоғары және арнаулы атақ берді
Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды
Динара Амантай
06.05.2024 | 12:40
Мемлекет басшысы «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
- 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Асылов Берік Ноғайұлына;
- генерал-лейтенант әскери атағы Әбубәкіров Қаныш Асанханұлына;
- авиация генерал-лейтенанты әскери атағы Қосанов Дәурен Жұматайұлына;
- 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Тәшімбаев Тимур Ғазизбекұлына;
- генерал-майор әскери атағы Дәуітов Қайрат Сапарбекұлына, Есжанов Аян Әбдіғаниұлына, Жүнісов Төлеужан Сабырұлына, Ибатулин Бауыржан Шарифоллаұлына, Қазкеев Бекайдар Маратұлына, Поливанов Павел Константиновичке, Ыбыраев Ержан Уақасұлына;
- авиация генерал-майоры әскери атағы Нілдібаев Ержан Болатұлына;
- ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Бекжанов Нұржан Наурызұлына, Жұмабаев Марат Қабиденұлына, Наймантаев Алмас Тілепбергенұлына;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры арнаулы атағы Ахметжанов Саян Қылышұлына, Жебегенов Мақсат Мырзаханұлына, Сарқұлов Ұлан Серікұлына;
- экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы Асанбаев Еркебұлан Төлегенұлына, Әлиев Данияр Дұппайұлына, Исмагулов Нұржан Нығметұлына;
- полиция генерал-майоры арнаулы атағы Қабдұлдинов Айдын Тоқтарұлына, Оразбаев Нұрхат Кенжебайұлына, Рысбаев Айдос Какашаұлына;
- 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Әбілов Берік Рақатұлына, Қойгелдиев Ғалымжан Мәмбетұлына, Өтегенов Ерлан Рахымжанұлына берілсін, – делінген құжатта.