×

Бразилияда су тасқынынан 80-ге жуық адам қаза тапты

105 жергілікті тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен

 Дастан Жұмабекұлы 06.05.2024 | 11:31
Фото: dariknews.bg

Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул штатында үздіксіз жаңбыр жауып, оның соңы су тасқынына ұласты. Соның кесірінен 78 адам қаза тауып, 105 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлады Reuters агенттігі.

Штатта мыңдаған адам ас-сусыз қалып, 115 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап кеткен. Жаңбырдан кейін лай көшкіні жүріп, бөгет пен шағын су электр станциясына зақым келген.

Қазір су басқан өңірде құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бразилияның штаты тропикалық және полярлық атмосфераның қиылысқан тұсында орналасқан. Сондықтан бұл жерде жаңбыр үздіксіз жауады немесе апталап, айлап құрғақшылық болады. Жергілікті мамандардың айтуынша, ауа райының өзгеруі жаһандық жылынудың кесірінен де болып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама