×

Павлодарда мүгедектігі бар адамдарға бөлінген ақшаны жымқырған мекеме қызметкерлері сотталды

Алдын алу шаралары шеңберінде сот процесі ашық режимде жүргізілді

 Динара Амантай 06.05.2024 | 11:05
Фото: СЖҚА Павлодар обл. бойынша департаменті

Павлодар қаласының №2 соты қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Олар жеке көмекшілер саналмайтын адамдардың карт-шоттарына қаражатты негізсіз аудару жолымен 1-топтағы мүгедек адамдарды алып жүру үшін жеке көмекшілердің қызметтеріне ақы төлеуге бөлінген 89 миллион теңгеден астам қаражатты ұрлады деп айыпталды.

Сот үкімімен 5 адам мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3,5 жылдан 5,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды. Үкім шығарудағы жеңілдететін жағдай ретінде барлық сотталушының кінәсін толық мойындауы, келтірілген залалдың орнын толтыруы, сондай-ақ олардың төртеуінде 2024 жылы туған балаларының болуы есептелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алдын алу шаралары шеңберінде сот процесі ашық режимде жүргізілді. Үкімді онлайн режимінде жариялауға жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің қызметкерлері, облыстың білім беру ұйымы басшылары, оның ішінде мектеп, балабақша директорлары және олардың есепшілері қосылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодарда бөлім басшысы қарамағындағылардың жемқорлығы үшін жауапқа тартылғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама