Қазақстан көркем жүзуден екінші рет жүлдегер атанды
Эдуард Ким мен Наргиза Болатова Әлем кубогының иегері болды
Көркем жүзуден Қазақстан құрамасының спортшылары Эдуард Ким мен Наргиза Болатова Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының иегері атанып, қола жүлдені де жеңіп алды.
Қазақстан дуэті техникалық бағдарламада 216.3250 балл алды.
Одан кейінгі сатыға Италия құрамасы (Филиппо Пелати мен Сара Мария Ризеа) 207.5367 ұпаймен, Испания командасы (Жорди Касирес Иглесиас мен Жудиз Калво Реквена) 198.8417 ұпаймен орналасты.
Еліміздің тағы бір жұбы Артур Майданов пен Валерия Столбунова (185.7367 ұпай) бесінші орынды қанағат тұтты.
Осыдан кейін Эдуард Ким мен Наргиза Болатова командалық сындағы еркін бағдарламада үшінші орыннан көрінді.
Қазақстан құрамасы 253.6353 ұпаймен қола алса, Жапония 323.3207 ұпаймен алтын медальді, Канада 297.5853 ұпаймен күміс жұлдені иеленді.
Еске сала кетсек, бір ай бұрын Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Эдуард Ким мен Наргиза Болатова күміс медальді жеңіп алған болатын.