Halyq Uni логотип
×

Grand Slam турнирі: Қазақстан тағы екі жүлде алды

Дархан Қойбағар Үлкен дулыға санатындағы жарыста алғаш рет жүлде иеленіп тұр

 Дастан Жұмабекұлы 06.05.2024 | 09:36
Grand Slam турнирі: Қазақстан тағы екі жүлде алды
Фото: Olympic.kz

Тәжікстанның астанасы – Душанбе қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Grand Slam турнирінде күміс жүлде алған Мағжан Шамшидиннен кейін тағы екі балуан бір-бір медальдан иеленді.

81 келі салмақтағы Абылайхан Жұбаназар мен Дархан Қойбағар (73 келі) қола жүлдегер атанды.

Дархан Қойбағар Үлкен дулыға санатындағы жарыста алғаш рет жүлде алып тұр. Ол кіші финалда моңғолиялық Ерденбаяр Батзаяны жеңді. Одан кейін Абылайхан Жұбаназар Чехия өкілі Адама Копецкимен үшінші орын үшін күресіп, екі рет вазари әдісімен айласын асырды.

Қазақ дзюдошысы алғашқы белдесуінде Хожиакбар Тожиевті (Өзбекстан), Енкул Лиді (Оңтүстік Корея), ширек финалда Енхтур Жаждергаравты (Моңғолия) жеңген. Ал жартылай финалда, өкінішке қарай, Нилм Стамптан (Швейцария) жеңілді.

Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Мағжан Шамшадин күміс жүлдегер атанған болатын.

Енді әйелдер арасында 78 келіден аса салмақтағы Камила Берліқаш қола жүлдеге таласатын болады. Ұлттық құрама спортшысы жартылай финалда поляк дзюдошысы Кинга Вольщактан жеңіліп қалды.

90 келідегі Аян Байғазы бірінші белдесуде чехиялық Давид Кламмертке есе жіберді. 

Аса ауыр салмақтағы балуандарымыз да жарысты бірінші айналымда аяқтады. Ерасыл Қажыбаев түркиялық Ибрахим Татароғлыға, Еламан Ерғалиев ресейлік Денис Батшаевқа жол берді. 

Қазақстан дзюдошылары Душанбедегі турнирде әзірше 3 жүлде жеңіп алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама