Ол ішкі істер органдарындағы жұмысынан да қуылуы мүмкін
Мас күйінде рульге отырып, көлік басқарған ақмолалық полиция қызметкеріне қатысты тәртіптік сипаттағы қатаң шара қолданылады. Бұл туралы Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.
Ведомствоның мәліметінше, мас күйінде рульге отырған полиция қызметкері жауапқа тартылған.
«Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүріп жатыр. Соның қорытындысы бойынша тәртіптік сипаттағы қатаң шаралар қабылданатын болады, тіпті ішкі істер органдарындағы жұмысынан да қуылуы мүмкін», — деп түсіндірді ведомстводан.