Ақтөбеде өртенген үйден екі адамның денесі табылды
Өрт сөндірушілер үйден 8 газ баллонын шығарды
Ақтөбе қаласыда саяжай аумағындағы үй өртеніп, екі адамның денесі табылды.
Ақтөбе қаласы Астана ауданы Дорожник бау-бақша ұжымында үй мен шаруашылық бөлмесі өртенді. Ауданы - 73 шаршы метр.
Өрт сөндіру кезінде екі адамның денесі табылды. Өрт сөндірушілер үйден 8 газ баллонын шығарды,- деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданя ТЖБ бастығы Аслан Арзымбетов.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 92 өрт тіркеліп, 6 адам көз жұмды. Өрттің көбі тұрғын үй секторында болды. Материалдық шығыны 46 млн теңгеге жеткен.