Қазгидромет үш облыста қуаңшылық болады деп болжап отыр
Қазгидромет мамырда құрғақшылық болатын аумақтар бойынша нақтыланған болжам ұсынды. Оған сай, үш өңірде қуаңшылық басталуы мүмкін, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Сәуірде жауған жауын-шашын мен ауа райы болжамы ескеріліп, құрғақшылық қаупі бар аумақтың ұлғаюы ықтимал. Қуаңшылық Қызылорда облысының Қармақшы және Іле аудандарында, Қостанай облысының Амангелді ауданында, Қарағанды облысының Шет ауданында күтіледі.
Ал Қостанай облысында - Қарасу ауданында, Ақмола облысында – Ақкөл, Атбасар, Сандықтау аудандарында, Павлодар облысында – Ақтоғай, Успен аудандарында және Павлодар қаласы маңында, Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі, Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандарында, Ақтөбе облысында – Қобда ауданында орташа ылғалдылық болжанады, – дейді аталған мекеме.
Қалған аумақтарда мамырда ылғалдандыру көпжылдық көрсеткіштерге жақын болады деп болжанып отыр, деп түйіндеді Қазгидрометтің баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ брифингінде.
Бұған дейін отандық сарапшы климаттың өзгеруі туралы «қауіпті құбылыс пен табиғи апаттар көбейе береді» деген болатын. Ал тағы бір маман Қазақстанда мұздықтар еріп, таудағы өзендер құрғап кетуі мүмкін деген еді.