Halyq Uni логотип
×

БҚО-да екі қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр

Ұйымдастырушылар 2021 жылдың тамыз айынан бастап жеке адамдардан 12 млн 675 мың теңгені тартқан

 Қанат Атаманов 03.06.2022 | 06:00
БҚО-да екі қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр
Фото: ашық дереккөздерден

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен мәлім еткеніндей, «SENIMDI UI» тұтыну кооперативі ретінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 2021 жылдың тамыз айынан бастап жеке адамдардан 12 млн 675 мың теңгені тартқан. Қазіргі кезде ҚР ҚК 217-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Сондай-ақ өткен жылдың наурыз айынан бастап криптовалюта саласындағы инвестициялық стартап жоба ретінде «Relictum-pro» қаржы пирамидасы ұйымдастырылған. Бұл пирамида бойынша ҚР ҚК 217-бабы 2-бөлігі 1, 4-тармақтарына сәйкес қылмыстық іс тергелуде.

Егер тұрғындар аталған қаржы пирамидаларының заңсыз қызметінен зардап шексе, БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне +7 (7112) 53-84-27 телефоны арқылы хабарласа алады. Айта кету керек, пирамиданың негізгі мақсаты – жаңа қатысушыларды тарту. Әдетте, пирамиданың негізін қалаушы қомақты соманы жинағаннан кейін төлеуді тоқтатады және барлық ақшаны алып, ізін жасырады», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама