×

Нысана көздеу: Қазақстан Гран-при жарысында екі медаль иеленді

Әлемдік додаға 23 елден 550 спортшы қатысып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 04.05.2024 | 17:50
Фото: instagram.com/qaz_team_official/

Нысана көздеуден Чехияның Пльзень қаласында өтіп жатқан Гран-при жарысында Қазақстан спортшылары екі медальді жеңіп алды.

10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға көздеуден командалық сында әйелдер арасында Зухра Ирназарова, Александра Садуақасова мен Фатима Ирназарова үштігі күміс жүлдені иеленді. Сондай-ақ дәл осы бағдарламада еліміздің ерлер құрамасы (Даниил Яковенко, Асадбек Назиркульев, Андрей Худяков) қола жүлдеге ие болды.

Әлемдік додаға 23 елден 550 спортшы қатысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама