Қызғаныштан екінші рет кісі өлтірген ер адам сотталды
Күдікті 2016 жылы өзінің алғашқы заңды әйелін пышақтап тастаған
Биылғы қаңтар айында Түркістан қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде 40 жастағы ер адам қызуқандылықпен аңшы мылтығымен құрбысының атып өлтірген болатын.
Ер адам мен құрбысы астанаға көшіп, пәтер жалдап келген. Әйел дәмханалардың біріне даяшы болып жұмысқа орналасады. Бұл өз кезегінде сүйіктісі арасында жанжалдардың тууына себепкер болған. Сөйтіп, 10 қаңтарда ерлі-зайыптыларға ауылдан танысы қонаққа келеді. Олар дастархан басында отырып, алкогольді ішімдік ішкен. Алайда, отырыстың соңы жанжалға ұласады. Ашуға мінген қонақ үй иесіне құрбысының ауылдағы жүрістері туралы айтып, ғайбаттаған. Бұл сөздерден кейін бетіне қан шапқан ер адам алдымен досын ұрып-соғып, құрбысын «ИЖ-58» маркалы мылтығымен атып тастайды.
Белгілі болғандай, күдікті 2016 жылы өзінің алғашқы заңды әйелін пышақтап тастаған. Сөйтіп, 5 жыл түрмеде отырып, 2021 жылдың соңында шартты түрде босатылған. Енді оған «қасақана кісі өлтірді» деген айып тағылды.
Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында прокурор айыпталушыға 17 жылға қатаң жаза тағайындауды сұрады. Бірақ сот барлық жағдайларды зерттеп, ер адамды 18 жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол ең жоғары қауіпсіздік режимі бар мекемеде жазасын өтейді.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.