Halyq Uni логотип
×

Ақтөбелік кәсіпкерлер колониялардан бизнес ашты

Мекеме мен ҚАЖ кәсiпорындары олардың құрамындағы мамандардың есебiн жүргiзедi

 Динара Амантай 04.05.2024 | 16:45
Ақтөбелік кәсіпкерлер колониялардан бизнес ашты
Фото: Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Биыл сәуірде облыс прокуратурасы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-ның №8 мекемесінде қала кәсіпкерлеріне кәсіп ашу мақсатында «Ашық есік күні» шарасын өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде мекеме аумағында 400-ден астам сотталғанды жұмыспен қамтып отырған 11 шағын және орта бизнес субъектілері бар.

Акция қорытындысы бойынша қызығушылық танытқан кәсіпкерлер термофасад және киім-кешек жасайтын мекемеде кәсіп ашуға ниет білдірді.

Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, мұндай ынтымақтастықтың артықшылықтары – өндірістік үй-жайлардың, жұмыс істейтін шеберханалардың болуы, жалға алудың болмауы, объектілерді күзетуді қамтамасыз ету және дабылдарды немесе күзет қызметкерлерін орнатудың қажеті жоқ. Кәсіпкердің қолда бар мүмкіндіктерді ескере отырып, тегін үй-жайларды таңдау мүмкіндігі және дайын инфрақұрылымның болуы керек.

Сонымен қатар, кәсiпкерлердiң кәсiпкерлiк кадрларды таңдау үшiн жұмыспен қамту органдарына хабарласуының қажеті жоқ. Мекеме мен қылмыстық-атқару жүйесi кәсiпорындары олардың құрамындағы мамандардың есебiн жүргiзедi.

Қазір №8 мекеме аумағында металл конструкциялардан жиһаз жасайтын цехтар, қоршаулар, балалар алаңдары, қолөнер бұйымдары, киім тігу, наубайхана, тағы басқа нысандар жұмыс істейді.

Кәсіпкерлікті қолдау және сотталғандарды жұмыспен қамту жұмыстары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама