Қазақ тілі орыс тілінің қолына су құюға да жарамайды – Оразкүл Асанғазы
Ең болмаса бергі 30 жылдағы тілдің тарихын білмеген адам осылай сайрайды
Бұл туралы экс-депутат, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.
Қазақстанда ауылдардағы нотариустерге дейін қағазды орыс тілінде береді. Соттың 10% пайызы ғана қазақ тілінде іс қарап жатыр. Сотталып жатқан да қазақ, соттап жатқан да қазақ. Ең құрығанда 30 жылда отыз пайызға жетпеді. Атқарушы билікке келсек министр, вице-министрге дейін Парламентке келгенде ежелеп бірдеме оқып бергенмен, сұраққа жауап беруге келгенде қиналады. 30 жыл жадау атты семіртуге жараған жоқ. Ал енді жарамай әлі әл алмаған, семірмеген атқа ауыр арбаны қосуға бола ма? Осы сөзді айту үшін тарихты білу керек. Ұлттың атасы – тарих. Анасы – тіл. Ең болмаса бергі 30 жылдағы тілдің тарихын білмеген адам осылай сайрайды. Қай саланы алсаң да қазақ тілі орыс тілінің қолына су құюға жеткен жоқ әлі», - деп пікір білдірді қоғам қайраткері.
Сұхбаттың толық нұсқасы төменгі сілтемеде.