Енді теннисші келесі айналымда жапониялық Икуми Ямадзакимен кездеседі
Теннисші Жібек Құламбаева Тунистің Хаммамет қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінің жартылай финалына шықты.
Спортшы алдымен дүниежүзілік рейтингте 1351-орында тұрған франциялық Эмма Маззониден 6:0, 6:2 есебімен басым түсті. Одан кейін екінші айналымда әлемнің 362-ші, осы жарыстың 4-ракеткасы, швейцариялық Сюзан Бандеччиді аса тартысты бәсекеде 6:3, 1:6, 7:6 (7:4) есебімен жеңді.
Құламбаеваның ширек финалдағы кездесуі де оңайға түскен жоқ. Бұл жолы ол рейтингте 753-сатыдағы ресейлік Диана Демидовадан 7:6 (8:6), 6:4 есебімен айласын асырды.
Енді Жібек Құламбаева финалға шығу үшін әлемнің 790-ракеткасы, жапониялық Икуми Ямадзакимен кездеседі.