×

Су тасқыны: 48750 адам өз үйлеріне оралды

Алтай ауданында су тасқыны жағдайы тұрақталды

 Динара Амантай 04.05.2024 | 11:16
Фото: Мейірбек Тажқұранов

ТЖМ баспасөз қызметі су тасқыны бойынша сағат 11:00-дегі ақпаратты жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Республика бойынша 48 750 адам өз үйлеріне оралды. 8 378 жеке тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су тасқыны басталғалы бері 14,6 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылып, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн-нан астам тонна инертті материал төселді.

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында су тасқыны жағдайы тұрақталды. Тәулік бойы жүргізілген алдын алу жұмыстарының арқасында су басқан барлық тұрғын үй аумақтарынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Барлығы 370 қап төселіп, 1 335 тонна инертті материал төгілді. Мотопомпалардың көмегімен 27 800 текше метр су сорылды. Жалпы, облыстың өзендеріндегі су деңгейі сыни белгіден аспайды.

Атырау облысында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылып жатыр. Соңғы 5 күнде Құлсарыда 176 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды. Мотопомпалардың және жылжымалы сорғы станциялардың көмегімен қалған су басқан 180 үйден су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары жалғастырылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама