Halyq Uni логотип
×

Көкшетаудың 9 тұрғыны алаяққа алданды

Қазір залал сомасы белгіленіп жатыр

 Динара Амантай 04.05.2024 | 09:49
Көкшетаудың 9 тұрғыны алаяққа алданды
Фото: golos-naroda.kz

Ақмола облысында Көкшетау қаласы тұрғындарының ақшасы мен түрлі гаджеттерін алдау және сенімін пайдалану арқылы иемденген алаяқ ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жәбірленушілермен алаяқ қала көшелерінде танысып, олардың өзіне деген аяушылық әрі жанашырлық сезімдерін тудыру үшін түрлі сылтау айтып, осылайша ақша тапқан. Жәбірленушілердің бірі полицияға хабарласып, белгісіз жас жігіттің қызына тиесілі iPhone 14 Pro смартфонын алдау арқылы иемденгенін, ал екінші арызданушы белгісіз адам ұлының PS4 құрылғысын алаяқтық жолмен иемденгенін хабарлады.

Алматының 22 жастағы тұрғыны 9 ақмолалықтың ақшасы мен түрлі гаджеттерін алдап алған. Қазір залал сомасы белгіленіп жатыр.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама