Жазба сәрсенбіде Катардағы әлем кубогының алғашқы матчының алдында пайда болды
Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеле Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Украинадағы жағдайға байланысты Ресей президенті Владимир Путинге ашықхат жазды.
Жазба сәрсенбіде Катардағы әлем кубогының алғашқы матчының алдында пайда болды. Онда Украина мен Шотландия командалары кездескен еді.
Владимир Путин, Украина құрамасы кем дегенде 90 минутқа өз елінде әлі күнге дейін болып жатқан трагедия туралы ұмытып кетуге тырысады. Әлем чемпионатындағы орын үшін күрес мүмкін емес, қиын міндет, өйткені адамдардың өміріне қауіп төніп тұр.
Бұл матчты өтініш білдіру мүмкіндігі ретінде қолданғым келеді. Болып жатқан қақтығысты тоқтатыңыз! Бұл жалғасып жатқан зорлық-зомбылықты ақтап алатын ешқандай себеп жоқ. Бұл қақтығыс – қатал, негізсіз және ауыр. Ол қорқыныш пен азаптан басқа ештеңе әкелмейді. Мұны одан әрі жалғастыруға ешқандай себеп жоқ. Біз бұрын кездесіп, ұзақ қол алысып, жымиған кезде бір күні осылай бөлінеміз деп ешқашан ойламаппын. Қарулы қақтығыс халықтарды бөлу үшін ғана қолданылады. Балалардың армандарының күлін көкке ұшыратын, отбасыларды құртып, жазықсыз адамдарды өлтіретін снарядтарды ақтайтын идеология жоқ.
Мен сегіз онжылдықты бастан өткердім. Оның барысында қақтығыстарды көрдім, өз ұлтының қауіпсіздігі үшін қатыгездікті насихаттайтын көшбасшылардың сөздерін естідім. Мұны тоқтатуымыз керек. Баяғыда өзіме әрқашан бейбітшілік үшін үн қатамын деп уәде берген едім. Бұл қақтығысты тоқтату сіздің қолыңызда», - деп жазды «футбол королі».
1 маусымда футболдан Украина құрамасы «Әлем чемпионаты-2022» жартылай финалында Шотландия командасын 3:1 есебімен жеңді. Іріктеу финалында украиналықтар Уэльс құрамасына қарсы ойнайды.