Halyq Uni логотип
×

Астанада жолақысын төлемеген тұрғын жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Тәртіп сақшылары ер адамды ұстады

 Дәурен Ерболат 04.05.2024 | 09:23
Астанада жолақысын төлемеген тұрғын жауапқа тартылды (ВИДЕО)
Фото: polisia.kz

Елордада полиция жолақысын төлемеген тұрғынды жауапқа тартты, деп хабарлады қала әкімдігі.

Жайсыз оқиға 1 мамырда №21 бағдарда «Ailand отбасылық демалыс орталығы» аялдамасында болған. Автобустағы жолаушылардың бірі CTS КБД қызметкеріне жол ақысын көрсетуден бас тартқан.

Салондағы басқа жолаушылар ер адамға ескерту жасаған. Жолақысын төлегісі келмеген тұрғын жолаушылардың біріне газ шашып жіберген.

Полиция ер адамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 73 840 теңге айыппұл салды.

CTS компаниясы жолаушылардан қоғамдық көлікте жолақысын уақтылы төлеуді, төлемді көрсетуді, сондай-ақ басқа жолаушыларды құрметтеуді сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама