Ақтөбеде алапат өрт сөндірілді (ВИДЕО)
Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл жетті

Скрин видео
Ақтөбеде қоймадан шыққан алапат өрт сөндірілді, деп хабарлады ТЖМ.
Оқыс оқиға 3 мамырда 19:55-те болған. Қаладағы құрылыс материалдары сақталған қоймадан өрт шыққан. Оқиға орнына құтқарушылар мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері шұғыл жеткен.
Өрт 1,5 сағатта сөндірілді. Ауданы – 650 шаршы метр. Жалыны басқа ғимараттарға тарамаған.