×

Паралимпиадаға тағы 16 жолдама алу жоспарда бар – Елсияр Қанағатов

Әзірше Қазақстан қоржынында 11 лицензия бар

 Дастан Жұмабекұлы 03.05.2024 | 18:00
Фото: Olympic.kz

Астанада Туризм және спорт министрлігінің жанынана құрылған қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы мен жазғы Олимпиада және Паралимпиялық ойындарға дайындық штабында ұлттық құрама командалардың Паралимпиадаға дайындығына қатысты мәлімет берілді.

Штаб төрағасы Елсияр Қанағатов министрлік тарапынан Парлимпиада ойындарына дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Жиынға Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ардақ Назаров, Нұрлан Әуесбаев, Дәулет Мұқаев, Қазыбек Иса, Нартай Сәрсенғалиев, Нұргүл Тау, Таңсәуле Серіков қатысты.  

Анықтама: Бұл штаб биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өткен қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы қарсаңында Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті және спорт федерацияларының уәкілетті органы ретінде Олимпиадаға бірігіп жұмыс істеу үшін құрылған болатын. Оның негізгі жұмысы – спортшылардың алдағы жарыстарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету.

Штаб барлық кешенді жарыстар аяқталғанға дейін тұрақты негізде жұмыс істейтін болады.

Отырыста штабтың жетекшісі Елсияр Қанағатов жиналғандарға спортшылардың Паралимпиадаға дайындығы, мемлекет тарапынан Ойындарға көрсетіліп жатқан қолдау  жөнінде мәлімет берді.

Оның айтуынша, жазғы Паралимпиялық ойындарға отандастарымыз спорттың 7 түрінен 11 жолдаманы жеңіп алды.

Бұл жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында спорттың 22 түрінен өтеді. Қазақстан атынан Паралимпиадаға 38 спортшының қатысуы жоспарлануда. Олар спорттың 9 түрінен өнер көрсетеді. Атап айтқанда, пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, пара оқ ату, волейболды отырып ойнау сынды спорт түрлерінен жарысқа шығу жоспарда бар.

Токиода өткен Паралимпиялық ойындарда Қазақстанның ұлттық құрамасында 25 спортшы болды. Олар 1 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлде алып, жалпы командалық 48 орынды иеленді.

Сонымен бірге ол мамыр-маусым аралығында спорттың 5 түрінен 16 лицензия жеңіп алу жоспарланып отырғанын айтты.

Оның сөзінен белгілі болғандай, былтыр ерлер арасында волейболды отырып ойнауда спортшылар 3-8 шілдеде Астана қаласында өткен Азия чемпионатында жолдаманы жеңіп алды.

Қазақстан командасы финалда Иран құрамасына жеңілді. Алайда Иран командасында лицензия болғандықтан, Азия чемпионатының күміс жүлдегері ретінде лицензия Қазақстан құрамасына бұйырды.

Азия чемпионатына 9 Азия мемлекетінен  15 құрамасы, 7 ерлер және 8 әйелдер командасы қатысты.

Ядроны итеру дисциплинасында пара жеңіл атлетикадан жолдаманы былтыр 3-17 шілдеде Париж қаласында өткен пара жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында жеңіп алдық. Дастан Мұқашбеков үшінші орынды иеленіп, қола медальға ие болды. Бұл лицензия осы спорт түрінде 1-4 орын алған спортшыларға берілді.

Бұл додаға 107 мемлекеттен шамамен 1200 спортшы қатысты.

Сонымен бірге отандастамымыз брасспен 100 метр дисциплинасында пара жүзуден үш лицензияға ие болды.

Жолдаманы Жұмағали Нұрдәулет  27 шілде – 8 тамыз аралығында Ұлыбританияның Манчестер қаласында пара жүзуден өткен әлем чемпионатында иеленді. Ол екінші орын алып, күміс медальға ие болды. Жолдама осы спорт түрінде 1-3 орын алған спортшыларға берілді. Ал қалған жолдаманы биыл ақпан айының басында халықаралық федерация табыс етті.

200 метрге KL 200 дисциплинасында пара каноэден жолдаманы пара каноэден жолдаманы былтыр 19-29 тамызда байдарка мен каноэ және пара каноэден Германияның Дуйсбург қаласында өткен әлем чемпионатында Бибарыс Спатай алды.

Пара пауэрлифтингтен жолдамаға келсек, қазіргі уақытта  Давид Дегтярев рейтингтің бірінші орнында тұр. Оған жолдама алу үшін екі Әлем кубогына қатысу керек.

Пара таеквондодан үш лицензия  рейтинг қорытындысы бойынша 57 келіге дейінгі салмақтағы Камила Досмаловаға,  80 келіге дейін салмақта күш сынасып жүрген Нұрлан Домбаев пен 80 келіден аса салмақтағы Өмірәлі Нышанға берілді.

Пара оқ атудан жолдамаға Еркін Ғаббасов пневматикалық мылтықтан паралимпиадалық ату бойынша Әлем кубогында екінші орын алып, ие болды.

Сонымен қатар, мамыр-маусым аралығында спорттың 5 түрі бойынша 16 лицензия жеңіп алу жоспарлануда, – деді Елсияр Қанағатов.

Анықтама: Паралимпиада ойындары – 1960 жылдан бастап әр төрт жыл сайын дене мүмкіндіктері шектеулі спортшылар арасында өткізілетін спорттық жарыс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама