×

Қызылорда облысында 11 қойды пойыз басып кетті

Теміржолдарда 522 рет малды басып кету фактісі тіркелген

 Динара Амантай 03.05.2024 | 16:22
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында 11 қойды жүк пойызы қағып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Көліктегі ПД жыл басынан бері пойыздардың шұғыл тежелуінің 683 фактісін тіркеді. Сондай-ақ теміржолдарда 522 рет малды басып кету фактісі тіркелген. Оның ішінде 257 бас жылқы, 78 бас ірі қара, 86 ұсақ мал және басқалар бар.

Мәселен, биыл мамырда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы 26 РЗД-де жүк пойызының машинисі темір жолда ұсақ малдың болуына байланысты шұғыл тежеуді басқан. Соқтығысу салдарынан 11 бас қой пойыздың астында қалып қойды. Пойыз машинисі 10 минут тұрақтауға мәжбүр болған.

Тексеру барысында Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері малдың 32 жастағы иесін анықтады. Ер адам теміржолға бөлінген жолақта мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көлік полициясының қызметкерлері шаруа қожалықтарының иелеріне қауіпсіздік шаралары туралы тағы да ескертеді және теміржол маңында мал жаю кезінде мұқият болуды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама