«Алматы – біздің ортақ үйіміз»: тарихи-мәдени мұра нысандары ретке келтіріле бастады
Барлығы 100-ден астам тарихи-мәдени мұра нысандары мен 6 археологиялық қорған қамтылады
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында қалалық тарихи-мәдени мұра объектілерінің аумақтарын кешенді тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде Алматыда 60-тан астам ескерткіш пен мүсіндер ретке келтірілді: Тәуелсіздік монументі, «Тағзым» мемориалы, Ш. Уәлиханов, Н. Тілендиев, Ж. Жабаев, М. Әуезов, А. Молдағұлова мен М. Мәметова ескерткіштері және тағы басқалары.
Ескерткіштер мен бюсттер аумағының маңайы қоқыстан тазартылып, мүсіндік құрылыс жуылады. Үлкен мүсіндермен жұмыс істеу үшін суару машиналары қолданылады. Сондай-ақ ескерткіштерді вандалға қарсы жабынмен өңдеу жұмыстары жоспарланған.
Барлығы 100-ден астам тарихи-мәдени мұра нысандары мен 6 археологиялық қорған қамтылады.
«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы аясында көшеттер мен гүлдер отырғызу, сондай-ақ ҰОС ардагерлеріне, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға үй маңындағы аумақты жинау бойынша көмек көрсетуге бағытталған «Көршіңе көмектес» акциясы жалғасып жатыр.
Еске сала кетсек, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны туралы барлық ақпарат аlmaty.kz сайтында, қала әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ веб-сайтқа қала бойынша баннерлерде, плакаттарда арнайы орналастырылған QR-код арқылы да кіруге болады.