Halyq Uni логотип
×

ШҚО-да 9 адам заңсыз жауапқа тартылған

Кінәлі полицейлер жазаланды

 Динара Амантай 03.05.2024 | 12:15
ШҚО-да 9 адам заңсыз жауапқа тартылған
Фото: Halyq Uni

ШҚО Шемонаиха ауданының прокуратурасы құқықбұзушылық туралы хабарлаған азаматтарды негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Анықталғандай, Шемонаиха қаласының тұрғыны М.В. Кузьмина қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкен ер адамды көріп, полиция қызметкерлерін шақырған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері құқық бұзушыны ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сонымен бірге полиция арызданушыны ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы 1-бөлігі бойынша «арнайы қызметтерге көрінеу жалған қоңырау шалып, шақырғаны үшін» әкімшілік жауапкершілікке тартып, оған 103 500 теңге айыппұл салған.

Шемонаиха ауданының прокуратурасы полицияның заңсыз қаулысын жойып, М.В. Кузьминаның құқығы қалпына келтірілді.

Аудан прокуратурасы жыл басынан бері азаматтарды заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері бойынша 9 азаматқа қатысты 1,1 миллион теңге айыппұл хаттамасының күшін жойды. 

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бұзушылықтарға жол берген кінәлі полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама