×

Еріктілер 10 мың тоннадан аса гуманитарлық көмек жинады

Жедел еріктілер штабтарына 50 мыңнан астам адам тартылды

 Динара Амантай 03.05.2024 | 11:45
Фото: видеодан скриншот

Мәдениет және ақпарат министрлігі су тасқынына қарсы іс-шаралар және оның зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб аясында «Күшіміз – бірлікте» акциясын жүргізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Акцияға Ұлттық волонтерлер желісі, волонтерлік және жастар ұйымдары, діни, этномәдени және қайырымдылық ұйымдарының өкілдері қолдау көрсетті. Барлық өңірде жедел еріктілер штабтары құрылып, олардың жұмысына 50 мыңнан астам адам тартылды.

Зардап шеккендерге көмек көрсетуді және еріктілерді жер-жерге бөліп, үйлестіру үшін бірыңғай байланыс орталығы (+7 708 706 4242) жұмыс істейді. Су тасқынына қарсы іс-шаралар басталғалы бері облыстардан 1 мыңнан астам қоңырау түскен.

Алғашқы күндерден бастап, волонтерлер бірлесіп әзірленген өзара әрекет ету алгоритміне сәйкес, өңірлік төтенше жағдайлар департаменттеріне көмек көрсетіп жатыр.

Еріктілер ТЖД-мен бірлесіп, су басқан аумақтардан азаматтарды эвакуациялау бойынша жұмыс жүргізуде. Азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті заттарды жеткізуге атсалысып, зардап шеккен азаматтарға алғашқы көмек көрсетіп жатыр. Сондай-ақ Ұлттық волонтерлер желісі сарапшылармен бірлесіп, мұқтаж азаматтарға психологиялық және заңгерлік көмек ұйымдастырды.

Гуманитарлық көмек жинау пункттері 16 өңірде (Астана қаласы, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Жетісу облыстары) жұмыс істейді.

Бүгінде еріктілер 10 520 тонна гуманитарлық көмек жинады. Оның 8 905 тоннасы зардап шеккен аймақтарға жеткізілді.

Гуманитарлық көмектің қалған бөлігі жақын арада жіберіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама