Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында қар көшкіні жүруі мүмкін

Таулы аудандарда сел жүру қаупі сақталады

 Дәурен Ерболат 03.05.2024 | 11:30
Алматы облысында қар көшкіні жүруі мүмкін
Фото: Halyq Uni

«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова биыл 2-6 мамыр аралығында Алматы өңірінде қар көшкіні жүруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2024 жылғы 2-6 мамыр аралығында Алматы облысында қар көшкіні қаупі сақталады. Сондықтан қарлы беткейге шықпаңыздар, тауда абай болыңыздар! - деді Алина Ысмағұлова ОКҚ-да өткен брифингте.

Сондай-ақ ол таулы аудандарда сел қаупі сақталатынын жеткізді.

Мамырдан қыркүйекке дейін созылатын қауіптің күшеюі кезеңінде «Қазгидромет» Қазақстанның таулы аумақтарында жауын-шашыннан болатын селге қатысты мониторинг жүргізеді. Күн сайын сел қаупі туралы бюллетень шығарылады. Ақпарат әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік уәкілетті органдарға беріліп, порталдарда жарияланады. Барлық дерек «Қазгидромет» сайтында қолжетімді, - деді баспасөз хатшысы.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында су тасу қаупі бары хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама