DamuBala бағдарламасына бөлінген бюджет қаржысын жоспарлау кезінде кәсіпкерлерге кедергі келтірілген
Спорт және мәдениет басқармаларының бұрынғы басшылары жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Толығырақ айтқанда, Шымкент қаласының прокуратурасы спорт және мәдениет басқармасында DamuBala бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау кезінде кәсіпкерлерге кедергі келтірілгенін, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тегін шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қатыстыра алмау фактілерін анықтады.
Прокурорлық қадағалау актісімен бұзушылықтар жойылып, 111 кәсіпкер мен 1 инвестор 2023 жылғы тамыздан бастап damubala.kz платформасында бұрын кезекте тұрған 4 276 кәмелетке толмаған балаға қызмет көрсете бастады.
Сонымен қатар сәуірден бастап 125 кәсіпкерге қызмет көрсету үшін шығармашылық үйірмелерге қатысуға damubala.kz платформасына 5 мың баланы (ваучерлерді) кезекке қоюға мүмкіндік берілді.
Спорт және мәдениет басқармаларының бұрынғы басшылары ҚР ӘҚБтК-нің 234-1-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 369 200 теңге көлемінде айыппұл төленді және жауапты қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.