3 мыңнан аса адам шекара заңнамасын бұзған
Каспий акваториясында 120 браконьерлік фактілерінің алды алынды
ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы сәуірде құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, бірқатар заң бұзушыны ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 3 186 адам ұсталды. Оның ішінде шекараны бұзған 38 шетел азаматы және шекараны бұзуға әрекеттенген 29 шетел азаматы бар.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 мың 342 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды.
Оның ішінде:
- 49 факті – есірткі заттары, жалпы салмағы 780 келіден жоғары;
- 36 факті – атыс қаруы мен оқ-дәрілер (17 дана жарылғыш жұмыстар үшін компоненттер, 3 дана атыс, 3 дана зақым келтіру және 17 дана суық қарулары, 81 дана оқ-дәрілер);
- 38 факті – діни әдебиет (842 дана);
- 341 факті – жалпы сомасы 12 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (133 тоннадан астам);
- 744 факті – жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
- 134 факті – жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 120 браконьерлік фактілерінің алды алынды.
Сондай-ақ:
- 54 дана жүзу құралы;
- жалпы ұзындығы 244,6 шақырым тор, браконьерлік аулау құралдары;
- 1 226 дана (6 тонна) бекіре тұқымдас балықтар;
- 98 428 дана (61 тонна) таза тұқымдас балықтар;
- 63 дана (1 тонна) итбалықтар.
Алды алынған залал сомасы 2,3 млрд теңге болды.
Бұл фактілер бойынша материалдар заңбұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.