Бразилияның атақты командасы 109 млн еуроға сатылды
Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Роналдо (Роналду Луис Назариу ди Лима) «Крузейро» футбол клубының бақылау пакетін сатты.
Marca-ның хабарлауынша, клуб акцияларының 90 пайызы үшін Роналдо 109 миллион еуро алды.
Менің мақсатым орындалды. Мен «Крузейро» футбол клубының қаржыдан тапшылық көрмеуі үшін басқа адамға сатуды ойластырып жүрген едім, – деді ол.
Роналдо ең алғаш футболдағы мансабын «Крузейрода» бастаған. Ол соңғы 3 жыл бойы клубтың қожайыны болды.
«Крузейро» спорт клубы – Бразилиядағы атақты командалардың бірі.
Роналдо 2021 жылы клубты 70 млн еуроға сатып алған болатын.