Нысана көздеуден ұлттық құрама Әлем кубогының финалына шықты
Эльдар Иманкулов пен Валерия Попелова 578 ұпай жинап, 2-орынға ие болды
Әзербайжанның астанасы – Баку қаласында нысына көздеуден Әлем кубогы кезеңі басталды.
Жарыстың алғашқы күні іріктеу нәтижесінде (10 метр, тапанша) Қазақстан-2 құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды.
Эльдар Иманкулов пен Валерия Попелова сайыс кезінде 578 ұпай жинап, 2-орынға ие болды. Енді бүгін олар Түркия құрамасының мергендері Симал Йылмаз бен Исмаил Келеспен алтын жүлдені сарапқа салады.
Осы бағдарламада сынға түскен Қазақстан-1 командасының (Валерий Рахимжан мен Ирина Юнусметова) медаль үшін таласуына мүмкіндігі бар еді. Олар 6-орын алды.
Валерий Рахимжанмен Ирина Юнусметова дуэті Қытай-2 және Украина-1 командасы сияқты 577 балл алғанмен, нысананың ортасын дәл көздеу жағынан қарсыласқа есе жіберді.
Бұл кезең мылтық және тапанша ұстаған мергендер үшін лицензиялық, ал стенд ату шеберлері үшін Олимпиада рейтингінде ұпай берілмейтін жарыс саналады.
Бакуде ел намысын барлығы 21 спортшы қорғайды. Оған 84 елден 699 адам қатысып жатыр.