×

СҚО, Ақмола облысының ірі су қоймалары лық толы

Жиналған су одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі

 Динара Амантай 03.05.2024 | 09:24
фото: stranabolgariya.ru

Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі су қоймаларындағы жағдайға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, екі өңірдегі су қоймалары жүз пайыз толған.

Атап айтқанда:

  • БҚО-ның 4 ірі су қоймасы орта есеппен 88% толды;
  • Ақмола облысында 2 ірі су қоймасы 100% толы;
  • СҚО-дағы 2 ірі су қоймасы да 100% толы;
  • Ақтөбе облысында 2 ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 97%;
  • ШҚО-да 2 ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 82,4%;
  • Абай облысында Шүлбі су қоймасы 39,8% толды;
  • Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы орта есеппен 98,6% толы;
  • Қостанай облысында 2 ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 92%.

Су қоймаларында жиналған су одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама