Ол тәулік бойы үйінен шыға алмаған
Ақмола облысында 85 жастағы әйел білегін сындырып алып, үйіне қамалып қалған, деп хабарлады ТЖМ.
1939 жылы туған әйел құлап, білегін сындырып алған. Ол бір тәулік бойы үйінде жатқан, ал туыстары пәтерге кіре алмаған. Сондықтан олар ТЖД қызметкерлерін көмекке шақырған.
Ақмолалық құтқарушылар 4-қабаттағы пәтерге автосатының көмегімен терезе арқылы кірді. Олар есікті ішінен ашып, қарияны жедел жәрдем қызметіне тапсырды.