×

Өнертапқыш оқушылар шетелдік университеттің грантынан үмітті

Үздік студенттер осы жылдың күзінде Пуэрто-Рикода өтетін жастар кәсіпкерлігінің әлемдік кубогына барады

 Қанат Атаманов 02.06.2022 | 21:20
Фото: forbes.kz

Елордадағы Saken Seifullin Kazakh Agro Technical University студенттері Enactus World Cup 2022 әлем біріншілігінде Қазақстан намысын қорғайды.

Білімді жастар қала мен ауыл арасында экономикалық байланыс орнататын идеяны жүзеге асыруда. Атап айтқанда, қала тұрғыны тауықтар, жем-шөп, ветеринарлық препараттар мен жабдықтар сатып алынатын қаржылық жарнаны құс өсіретін ауыл тұрғынына беріледі. 55-60 күн өткеннен кейін қала тұрғындары дайын өнімнің 60% алса, ал қалған 40% ауыл тұрғынында қалады. Сөйтіп, қала тұрғыны құс етіне қол жеткізсе, ауыл тұрғыны жұмысқа орналасады. Студенттер өз жобасын Ақмола және Қарағанды облыстарының ауылдарында апробациядан өткізіп, 14,2 тонна құс өндірді.

Saken Seifullin Kazakh Agro Technical University командасының дәл осы жобасы 2022 жылғы 13 мамырда Enactus Kazakhstan National Expo 2022 Студенттік кәсіпкерліктің, стартаптар мен Инновациялардың ұлттық кубогында жеңіске жеткен болатын. Биыл 100-ден астам отандық жоғары оқу орындары мен мектептерден құралған командалар БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсатына сәйкес келетін өздерінің әлеуметтік-экономикалық шешімдерін ұсынды. 

Үздік студенттер осы жылдың күзінде Пуэрто-Рикода өтетін жастар кәсіпкерлігінің әлемдік кубогына барады. Осы жаһандық алаңда Enactus Saken Seifullin Kazakh Agro Technical University командасы «Ауладан үстелге құс» атты жобасын қазылардың назарына ұсынды. Айтпақшы, қазылар алқасының бір мүшесі – «Олжа Агро» агроөнеркәсіптік холдингінің бас директоры Айдарбек Ходжаназаров жобаға инвестиция салуға дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Enactus Kazakhstan National Expo 2022 аясында үшінші жыл қатарынан мектеп кәсіпкерлігінің республикалық чемпионаты өтті. Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ командасы зағип жандарға арналған See the future жобасын ұсынды. Жеткіншектер интеграцияланған кең форматты камера мен жаңа IT-технологиялары бар дулыға ойлап тапты. Дауыстық басқару және интеграцияланған карта бар дулыға зағип жандар үшін қауіпсіз бағытты ұсына алады. Оқушылар үшін басты жүлде Narxoz университетінде оқу гранттары болды.

Маған Enactus Kazakhstan компаниясының жастарды кәсіпкерлікке баруға ынталандыратыны ұнайды. Жас ұрпақтың фобиясы көп екенін мойындау керек. Ол –  сәтсіздіктерден қорқу, қабілеттеріне сенімсіздік, қауіптер және басқалар. Сондықтан біздің Enactus Kazakhstan-мен ортақ міндетіміз – жастардың кең ауқымын тартып, оларға көптеген адамдардың бизнесте табысқа жетуі үшін білім мен ресурстар беру. Бұл әсіресе ауыл жастарына қатысты-оған көбіне қолдау қажет. АҚШ экономикасы үшін прогрессивті рөл атқарған «американдық арман» бар. Біз «қазақстандық арманды» жасауымыз керек», – деді Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов.

Анықтама:

ENACTUS Kazakhstan қоры жастар саясаты саласындағы қазақстандық ҮЕҰ-ның танымал көшбасшыларының бірі болып табылады. Enactus Kazakhstan бағдарламасының миссиясы – инновациялар генерациялай алатын, кез келген қиындықтарда жаңа мүмкіндіктерді көре алатын және өмірді жақсарту үшін бизнес қағидаттарын пайдалана алатын көшбасшы-кәсіпкерлердің жаңа буынын даярлау және тәрбиелеу.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама