×

Астана жедел жәрдем станциясының экс-басшысына пара алғаны үшін 36 млн теңге айыппұл салынды

Іс бойынша екі адамға айып тағылған. Олар – пара алды деп айып тағылған Мұрат Оразбаев және делдалдық жасады деген қалалық жедел жәрдем станциясының бұрынғы фельдшері Лариса Малиновская. 

 Халық үні 02.05.2024 | 19:15
Фото: Астана қаласы жедел медициналық жәрдем станциясы

Астанада пара алды деп айыпталған қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының бұрынғы басшысына қатысты үкім шықты. Мұрат Оразбаевқа 36 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Іс бойынша екі адамға айып тағылған. Олар – пара алды деп айып тағылған Мұрат Оразбаев және делдалдық жасады деген қалалық жедел жәрдем станциясының бұрынғы фельдшері Лариса Малиновская. 

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты пара алу фактісі бойынша О.-ға (ҚК 366-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы) және М.-ге қатысты қызметтік ережені пайдалана отырып, парақорлыққа делдал болу ісін қарады (ҚК 368-бабының 2-бөлігі).

Жедел медициналық қызмет көрсету станциясының басшысы О. 2022-2023 ж.кезеңінде бас фельдшер М.-нен медициналық колледждерде оқу практикасын ақылы негізде жүргізуге мүмкіндік бергені үшін және медициналық колледждерден жалақы ретінде М. шотынан О. шотына аудару жолымен 676 мың теңге сомасында пара алды.

Сондай-ақ, О. 2023 жылдың сәуір айында «Р» ЖШС директорының орынбасарынан бас фельдшер М.-нің делдал болуы арқылы жедел жәрдем станциясы жанындағы академия студенттерінің өндірістік практикадан ойдағыдай өткені үшін 100 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат түрінде пара алған.

Сотта прокурор айыпты қолдап, ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 2-тармағын ескере отырып, мемлекеттік қызметте қызмет ету  құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 46,6 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұрады. Сондай-ақ «Құрмет» ордені мемлекеттік наградасынан айыруды сұрады.

М.-ге мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 20 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушылар мен қорғаушылар ҚК-нің 65-бабын қолдануды және жасаған істеріне өкінуіне байланысты жазадан босатуды сұрады.

Сотталушылардың кінәсі олардың айғақтарымен, куәгерлердің айғақтарымен, ЖТӘ нәтижелерімен, сараптамалардың қорытындыларымен және істің басқа материалдарымен дәлелденді.

ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің санкциясы мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 60 еселенгеннен 70 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚК-нің 368-бабы 2-бөлігінің санкциясы мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 20 еселенгеннен 30 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сотталушы О.-ның кәмелетке толмаған баласының болуы және кінәсін мойындауы қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде танылса,  М.-де шын жүректен өкіну және кінәнсін мойындауы қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде танылды.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сот үкімімен О. ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 2-тармақшасын ескере отырып, мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылып, пара сомасының 46,6 еселенген мөлшерінде 36,1 млн.теңге сомасында айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар, оны мемлекеттік награда – «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізілді.

М. ҚК-нің 368-бабының 2-бөлігі бойынша қызметтік жағдайын пайдалана отырып, пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20 еселенген пара сомасы мөлшерінде 2 млн.теңге сомасында айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама