Бүгінде жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі тиісті деңгейде сақталмаған
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Алматыдағы жантүршілерлік көлік апатына кінәлі жолаушының әрекетін терроризмге жатқызуды ұсынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Депутаттық сауал Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолданды.
Жақында Алматыда ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, салдарынан 3 жазықсыз адам қаза тауып, 4 адам жараланды. Бұл оқиға бәрімізді есеңгіретіп тастады. Қайтыс болғандардың арасында көпбалалы ерлі-зайыпты да бар. Олардың балалары жетім қалды. Осыған байланысты қазақстандықтардың қоғамдық көліктегі өмірі мен қауіпсіздігіне қатысты мәселені көтергім келеді, - деді Магеррам Магеррамов.
Депутат автобус жүргізушілерінің жолда қауіпсіздігі сақталмағанын, артық міндеті көп екенін жеткізді.
Біз қоғамдық көлік жүргізушілеріне күн сайын миллиондаған азаматымыздың өмірін сеніп тапсырамыз. Олардың өмірі Қазақстан Конституциясында көрсетілгендей, біздің ең жоғары құндылығымыз. Міндетін орындап жүрген қоғамдық көлік жүргізушісінің өмірі мен қауіпсіздігін сақтауға қатысты шаралар уәкілетті тұлғалар тарапынан тиісті деңгейде қарастырылмаған. Автобус жүргізушісін оқшаулау шарасы болмауынан жүргізушілер көлікті басқарудан бөлек, жол ақысын, көліктегі тәртіптің сақталуын қадағалайды. Осылайша, олар жолда әртүрлі жағдайға алаңдауға мәжбүр болады, - деді ол.
Магеррам Магеррамов егер автобуста жүргізушіге қарсы қылмыс жасалса, мұны терроризм актісіне теңестіруді ұсынды.
Қоғамдық көлікте жасалған қылмыстар, оның ішінде көлікті басқаратын адамдарға қарсы (жасалған қылмысты) қауіптілік деңгейі бойынша терроризм актісіне теңеуге болады. Егер қылмыстың салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапса, бұл автобус ішіндегі адамдардың ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың да өліміне әкелетіні сөзсіз, - деді депутат.
Ол қазақстандақтырды қоғамдық көлікте тасымалдаудың қолданыстағы тәртібі қауіпсіздікке сай келмейтінін атап өтті.
Осыған байланысты Магеррам Магеррамов Үкіметке төмендегі сұрақтарды қойды:
Еске салайық, Алматыдағы көлік апатына кінәлі жолаушы 8 жылға сотталған еді.