Көркем гимнастикадан АЧ: Қазақстан қола жүлдегер атанды
Құрама топтық жаттығуда үздік үштіктің қатарына қосылды
![](https://halyq-uni.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/05/02/66338f16bb9e1456679555.jpeg)
Көркем гимнастикадан Өзбекстанның астанасы – Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті.
Топтық жаттығудан Қазақстан командасы көпсайыста Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Құраманың спортшылары бес шығыршықпен, сондай-ақ, екі доп, үш таспамен жаттығудан жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді.
Қазақстан командасы 5 шығыршық жаттығуы үшін 32.05 ұпай алса, 2 доп, 3 таспа жаттығуында 29.25 ұпайға ие болды.
Топтық жаттығудан Қазақстан командасын ресейлік маман Инна Быстрова жаттықтырады.