×

Көркем гимнастикадан АЧ: Елжаңа Таниева мен Айбота Ертайқызы финалға шықты

Бүгін кешке топтық жаттығуда Қазақстан командасы өнер көрсетеді

 Дастан Жұмабекұлы 02.05.2024 | 17:36
Фото: kazsports.kz

Өзбекстанның Ташкент қаласында көркем гимнастикадан өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында  Елжаңа Таниева мен Айбота Ертайқызы екі жаттығуда финалға шықты.

Бұл додада Қазақстан намысын 8 спортшы қорғап жатыр.

Іріктеудің алғашқы күні сынға түскен отандасымыз Елжаңа Таниева доп және шығыршықпен жаттығуда 68.15 ұпаймен көш бастады. Дәл осы жарыста Айбота Ертайқызы (65.15 ұпай) үшінші орынға табан тіреді.

Екінші орынды қытайлық Зилу Ванг (66.70 ұпай) иеленді.

Ертең жекелей сында ұршық, лента жаттығуларының іріктеу жарысы өтеді.

Бүгін кешке топтық жаттығуда Қазақстан командасы өнер көрсетеді. Осы сында чемпион мен жүлдегерлер анықталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама