Halyq Uni логотип
×

Денсаулық сақтау министрі ұсталды (ВИДЕО)

Департамент мемлекетке келтірілген залал мөлшерін 1 миллиард 581 мың сомға бағалады

 Қанат Атаманов 02.06.2022 | 20:30
Денсаулық сақтау министрі ұсталды (ВИДЕО)
Фото: tengrinews.kz

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев ұсталды. Бұл ақпаратты елдің Бас прокуратурасының баспасөз қызметі растады. Шенеунік вакциналарды негізсіз сатып алды деген күдікке ілінген.

2020 жылғы желтоқсаннан 2021 жылғы қыркүйекке дейін Қырғызстан халықаралық ұйымдардан, Ресейден, Қытайдан, Әзербайжаннан және Қазақстаннан қайтарымсыз гуманитарлық көмек түрінде 451 560 вакцина алды. Сондай-ақ, мемлекет басшысының Ресей мен Қытай президенттерімен келісімінің нәтижесінде гуманитарлық көмек түрінде 6 миллионнан астам вакцина жеткізілді. Соған қарамастан, денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша аталмыш министрлік шетелдік компаниядан 1 миллиард 581 мың сомға (шамамен 5 миллиард 480 миллион теңге) тағы 2 миллион 460 мың вакцина сатып алған», - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Барлық қаражат оффшор шоттарға аударылған. Вакцинаны сатып алғаннан кейін препараттың 243 мыңнан астам дозасы қолданылмай қалған. Кейін олардың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Сондай-ақ, департамент мемлекетке келтірілген залал мөлшерін 1 миллиард 581 мың сомға бағалады.

Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 336-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрі мен ведомствоның басқа да қызметкерлерінің қатысы бар сыбайлас жемқорлыққа байланысты тағы 5 іс қарастырылып жатыр.

Шенеуніктің ұсталған сәті видеоға түсіп қалған. Кадрлар Telegram-арналарда тараған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама