Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 2 қола бар.
Қазақстандық оқушылар Балқан түбегіндегі ең мықты жас математиктердің үштігіне кірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Болгарияның Варна қаласында математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) аяқталған. Оған 22 елден 130-дан астам оқушы қатысты. Білім додасында біздің оқушыларымыз жалпы командалық 3-орынды жеңіп алды.
Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 2 қола бар.
Жетекшілері – PhD докторы, профессор, KBTU-дің академиялық сұрақтар жөніндегі проректоры Асылбек Исахов және математикадан республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Қанат Сатылғанов.
Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысуы – биыл 11-24 шілде аралығында Ұлыбританияда өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау.