Halyq Uni логотип
×

Қазақстандық оқушылар Балқан түбегіндегі ең мықты жас математиктердің үштігіне кірді

Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 2 қола бар.

 Динара Амантай 02.05.2024 | 14:46
Қазақстандық оқушылар Балқан түбегіндегі ең мықты жас математиктердің үштігіне кірді
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық оқушылар Балқан түбегіндегі ең мықты жас математиктердің үштігіне кірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Болгарияның Варна қаласында математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) аяқталған. Оған 22 елден 130-дан астам оқушы қатысты. Білім додасында біздің оқушыларымыз жалпы командалық 3-орынды жеңіп алды.

Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 2 қола бар.

  • Жан Даутов (алтын медаль) – Қостанай қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
  • Әмірлан Аманжолов (күміс медаль) – Алматы қаласындағы РФММ 10-сынып оқушысы;
  • Мирон Юркевич (күміс медаль) – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
  • Марғұлан Шарел (күміс медаль) – Тараз қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
  • Тимур Мұрат (қола медаль) – Алматы қаласындағы РФММ 10-сынып оқушысы;
  • Әмір Сахипов (қола медаль) – Алматы қаласындағы РФММ 10-сынып оқушысы.

Жетекшілері – PhD докторы, профессор, KBTU-дің академиялық сұрақтар жөніндегі проректоры Асылбек Исахов және математикадан республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Қанат Сатылғанов.

Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысуы – биыл 11-24 шілде аралығында Ұлыбританияда өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама