Cпортшылардың Олимпиададағы ас мәзірі белгілі болды
Француз, Азия, Африка-Кариб теңізі мен әлемдік делінген тағамдар ұсынылады
Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті Олимпиялық ауылда спортшылардың ас мәзірі туралы мәлімет берді.
Комитет 26 шілде мен 11 тамыз аралығында спортшылар мен шенеуніктерге 500 тағам түрі ұсынылатынын хабарлады.
12 шілдеде Олимпиялық ауылдағы 3 500 орынға арналған асхана тәулік бойы жұмыс істейтін болады.
Мәзірге француз, Азия, Африка-Кариб теңізі мен әлемдік делінген тағамдар қосылады.
Күн сайын спортшыларға 40-тан 120-ға дейін танымал әлемдік тағамдар ұсынылады. Олимпиадаға қатысушыларға тамақты жыл сайын «Роллан Гаррос» пен «Тур де Франс» жанкүйерлерін тамақтандырып жүрген жергілікті аспаздар жасайтын болады.