×

Өзбекстанда прокурорларға атыс қаруынан оқ атуға рұқсат берілді

Бұрын қадағалау органының қызметкерлері тек атыс қаруын алып жүруге ғана құқылы болатын

 Қанат Атаманов 02.06.2022 | 19:00
Фото: ашық дереккөздерден

Өзбекстан прокуратура органдарының қызметкерлері заңнамада белгіленген тәртіппен қызметтік қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану құқығына ие болды. Тиісті түзету ел президенті Шавкат Мирзиев 31 мамырда қол қойған заңмен енгізілді, деп хабарлады Ферғана агенттігі.

Бұрын қадағалау органының қызметкерлері тек атыс қаруын алып жүруге құқылы болатын. Олардың мүмкіндіктерін кеңейту «Прокуратура туралы» заңның 48-бабының 2-бөлігінде тіркелген. Жаңа редакцияда Қылмыстық кодекстің 249-бабында («атыс қаруын немесе оқ-дәрілерді ұқыпсыз сақтау»):

Атыс қаруы мен оның оқ-дәрілерін, сондай-ақ пневматикалық, сұқпалы суық (аңшылық пышақтар, аңшылық стилеттер мен қанжарлар, рапирлер, семсерлер мен қылыштар), лақтыратын (садақтар, арбалеттер мен найзалар), белгі беретін қаруды сақтау, алып жүру, тасымалдау қағидаларын адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бұзушылық – 150 (жүз елу) базалық есептік шамаға дейін айыппұл салуға немесе 3 жылға дейін түзеу жұмыстарына немесе 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеуге немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады» делінген.

Бұрын адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан атыс қаруын немесе оның оқ-дәрілерін ұқыпсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген болатын. Енді өзбекстандықтардың азаматтық аңшылық қару мен оқ-дәрілерді сатып алу құқығы 21 жастан 25 жасқа дейін ұлғайтылды.

Бұған дейін Ұлттық ұланға тиесілі болған бірқатар өкілеттіктер ІІМ-ге берілмек. Олардың ішінде төмендегі рұқсат беру құқығын атап өтуге болады:

  • қаруды әкелу және әкету;
  • марапаттық қаруды сақтау және алып жүру;
  • қару мен оның оқ-дәрілерін жинау және экспонаттау.

Жаңа заңға сәйкес Өзбекстанда қару-жарақ пен оқ-дәрілерді беруге тыйым салынады.

«Қалалық жолаушылар көлігі туралы» заңға да бірқатар өзгеріс енгізілген. Сөйтіп, қоғамдық көлікте суық қару ретінде пайдаланылуы мүмкін заттарды ашық (қапталмаған) күйінде тасымалдауға тыйым салынды.

Сонымен қатар президент қызметтік немесе азаматтық қаруды иеленуге тыйым салатын аурулардың немесе физикалық кемшіліктердің тізімін де бекітті.

Қару туралы заңнаманы жетілдіруге байланысты түзетулер енгізу туралы аталмыш Заң ресми жарияланғаннан кейін үш айдан кейін заңды күшіне енеді. Кейбір нормалар, оның ішінде ҚК-нің 249-бабына өзгерістер 6 айдан кейін қолданысқа енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама