Құлсарыда 300-ден аса үй әлі су астында

Дәурен Ерболат

Мамандар апат салдарынан жойып жатыр

Фото: Мейірбек Тажқұранов

Атырау облысының Құлсары қаласында 300-ден аса үй әлі су астында, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Тасқын салдарынан Құлсары қаласында 300-ден аса жер үй әлі су астында қалып тұр, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, табиғи апат басталғалы бері ТЖМ құтқарушылары 2 564 үйден суды сорып шығарған. Бүгінде қаладан 3 млн текше метрден астам су сорылған.

Бұған дейін Құлсарыда 2,5 мыңға жуық үйдің әлі су астында екені хабарланған еді.